Ян Облак Англия чемпионатына ауысуы ықтимал

Ливерпуль ФК

"Ньюкасл" клубы "Атлетико" қақпашысы Ян Облакты сатып алуы мүмкін, деп жазады Goal басылымы.

Басылымның мәліметінше, Облактың испаниялық командамен келісімшарты 18 айдан кейін аяқталады. Осы уақыт аралығында "Атлетико" басшылығы қақпашының бағасы түспей тұрғанда басқа клубқа сатуды қарастыруда.

Словения құрамасының голкипері де Тұманды Альбионда доп тебуге қарсы емес. Алайда оның талабы бойынша ол ойнайтын клуб тек жоғары орындарға таласуы тиіс.

Трансфермаркет сайты қақпашының құны 60 миллион еуро деп бағалап отыр. "Ньюкасл" Англия чемпионатында 31 ұпаймен 14-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport