1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:33
 

Ямальға жабылып кетті. "Барселона" матчі жанжал және сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Ямальға жабылып кетті. "Барселона" матчі жанжал және сенсациямен бітті ©"Барселона" ФК

Испания Ла Лигасының 24-турындағы "каталондық дербиде" "Жирона" өз алаңында "Барселона клубын" 2:1 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Испания Ла Лигасының 24-турындағы "каталондық дербиде" "Жирона" өз алаңында "Барселона клубын" 2:1 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Матч барысы

Бірінші таймның қосымша уақытында (45+3) "көк-анарлылардың" вингері Ламин Ямаль есеп ашуға тамаша мүмкіндік алды. Алайда ол пенальтиді мүлт жіберіп, доп қақпа бағанасына тиді.

Үзілістен кейін "Барселона" алға шықты: 59-минутта қорғаушы Пау Кубарси мергендік танытты. Бірақ алаң иелері жылдам жауап қайтарды - 62-минутта франциялық жартылай қорғаушы Тома Лемар таразы басын теңестірді.

Ойын тағдыры 87-минутта шешілді. Фран Бельтран "көк-анарлылардың" қақпасына жеңіс голын соқты.

Соңы жанжалмен бітті

Қосымша уақыттың 90+9-минутында эмоцияға толы оқиға болды. Хоэль Рока дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алды. Ол Аксель Витсельмен бірге Ямальға қарсы ереже бұзып, алаңда шағын қақтығыс туындады.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңістен кейін "Жирона" 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал "Барселона" 58 ұпаймен екінші орында келеді. Көшбасшы - каталондықтардан екі ұпайға озып тұрған мадридтік "Реал".

23 ақпанда "Жирона" сырт алаңда Алавес клубымен кездеседі. 22 ақпанда "Барселона" өз алаңында Леванте командасымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!