Футбол
Бүгін 10:30

Ямальді желкеден ұстап баспен ұрған Ла Лига ойыншысы қатаң жазаланды

©depositphotos.com/mrogowski_photography

Испания корольдік футбол федерациясының (RFEF) тәртіптік комитеті "Бетистің" жартылай қорғаушысы Факундо Бернальды "Барселона" вингері Ламин Ямальға шабуыл жасағаны үшін төрт матчқа шеттетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Испания чемпионатының тоғызыншы турында өткен матчтың 54-минутында болды. Бұл кездесуде каталондық "Барселона" 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Төбелес кезінде 23 жастағы уругвайлық футболшы Ямальдың мойнынан ұстап, басымен екі рет соққы жасаған. Матчтың бас төрешісі Рикардо де Бургос бұл үшін Бенгоэчеа Бернальға қызыл қағаз көрсетті, ал "Барселона" ойыншысы ескерту алды. Төрешінің хаттамасында бұл эпизод "бетіне баспен қатарынан екі рет соққы жасады" деп сипатталған.

"Бетис" ойыншының алаңнан қуылуына қатысты шағым түсіріп, хаттамада нақты қате кеткенін және Ямальдың арандатқанын алға тартты. Алайда тәртіптік комитет клубтың уәждерін қабылдамай, жазаны өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, Берналь Испания чемпионатындағы үш матчты - "Сельтаға" (25 қазан), "Малагаға" (31 қазан) және "Эльчеге" (8 қараша) қарсы кездесулерді өткізіп алады. Сонымен қатар ол 29 қазанда өтетін Испания кубогының "Навалькарнероға" қарсы матчына қатыса алмайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport