"Барселона" футболдан Испания чемпионатының 2024/25 маусымында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
36-тур аясындағы каталониялық дербиде барселоналықтар сырт алаңда "Эспаньолмен" ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 53-минутында Ламин Ямаль айып алаңынан тысқары жерден керемет соққы жасап, қақпаның тоғыздығын дәл көздеді.
Қорытынды есепті Фирмин Лопес 95-минутта белгіледі. Оған гол соғуға Ямаль пас берді.
Айта кеттейік, 80-минутта "Эспаньол" қорғаушысы Леандро Кабрера қызыл қағаз алып, алаң қожайындары азшылықта қалды.
Осылайша, "Барселона" Ла Лига аяқталуына екі тур қалғанда басты қарсыласы "Реалдан" жеткізбей кетті. "Барса" 85 ұпай, ал мадридтіктер активінде – 78 балл.
Ла Лига тарихында чемпиондық атақ саны бойынша "Реал Мадрид" көш бастап тұр – 36 мәрте жеңімпаз. Ал "Барселона" 28 рет чемпион болған екен.