"Барселона" клубының ойыншысы Ламин Ямаль Ла Лигадағы айдың үздік ойыншысы жүлдесінің саны бойынша мадридтік "Реал Мадрид" клубының бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду көрсеткішінен асып түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
2026 жылдың сәуір айында Ламин Примераның үздік ойыншысы атанып, бұл марапатты төртінші рет иеленді. Ал Роналду бұл жүлдені барлығы үш рет алған.
Ямаль Ла Лигада айдың үздік ойыншысы атағын 2024 жылдың қыркүйегінде, 2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында, сондай-ақ 2026 жылдың сәуірінде жеңіп алды.
Ал Криштиану Роналду бұл марапатты 2013 жылдың қарашасында, 2015 жылдың мамырында және 2017 жылдың мамырында иеленген.
Айта кетейік, Ла Лига айдың үздік ойыншысы жүлдесі 2013 жылдан бері табысталып келеді. Роналду "Реал Мадрид" сапында 2009 жылдан 2018 жылға дейін өнер көрсетті.
Жарнама