Футбол
Бүгін 08:17
 

Ямаль мен Рафинья дубль жасады. "Барселона" Ла Лигада мадридтік клубты тас-талқан етті

  Пікірлер

blog.share

Ямаль мен Рафинья дубль жасады. "Барселона" Ла Лигада мадридтік клубты тас-талқан етті ©"Барселона" ФК

Испания чемпионатының 3-турында каталондық "Барселона" өз алаңында мадридтік "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания чемпионатының 3-турында каталондық "Барселона" өз алаңында мадридтік "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Райо" есеп ашты, бірақ "Барса" тез жауап берді

Қонақтар күтпеген жерден 12-минутта-ақ есеп ашты. Испаниялық шабуылшы Серхио Камельо мүмкіндігін сәтті пайдаланып, каталондықтардың қақпасын дәл көздеді.

Арада жеті минут өткенде "Барселона" таразы басын теңестірді. Бразилиялық шабуылшы Рафинья Диас есепті 1:1 етті. Екі минуттан кейін Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль алаң иелерін алға шығарды. Ол командасының жылдам шабуылын сәтті аяқтады.

Екінші таймда каталондықтардың басымдығы арта түсті. 51-минутта "Райо Вальекано" қорғаушысы Флорьян Лежён допты абайсызда өз қақпасына кіргізіп алып, есеп 3:1-ге жетті. Алайда мадридтіктер берілмеді. 59-минутта Камельо дубль жасап, айырмашылықты бір голға дейін қысқартты.

Рафинья мен Ямальдың дубльі "Барсаға" ірі жеңіс әкелді

Матч соңына таман "Барселона" қарқынын қайта үдетті. 71-минутта Рафинья матчтағы екінші голын соғып, каталондықтардың басымдығын қайтадан екі голға жеткізді. Ойынның соңғы есебін 90-минутта Ламин Ямаль белгіледі. Испаниялық футболшы да дубль жасап, "Районың" қақпасына бесінші голды соқты.

Турнирлік жағдай және келесі ойындар

Осылайша, "Барселона" чемпионат басталғалы қатарынан үшінші жеңісіне жетіп, тоғыз ұпай жинады. Каталондық клуб турнир кестесінде көш бастады. Ұпай саны бірдей болғанымен, "Барса" соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы бойынша мадридтік "Реалдан" алда тұр.

Ал "Райо Вальекано" үш турдан кейін бір ұпаймен 18-орында келеді.

4-турда "Райо Вальекано" 5 қыркүйекте өз алаңында Сантандердің "Расинг" командасымен ойнайды. Ал "Барселона" бір күннен кейін сырт алаңда "Валенсиямен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!