Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда ағылшындық "Астон Вилланы" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
Алдымен жетінші минутта Ламин Ямаль алаң иелерін алға шығарды. Кейін Рафинья 52 және 64-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды.
Осы жеңістің арқасында "көк-анарлылар" тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Унаи Эмери шәкірттерінің де еншісінде тоғыз ұпай бар. Олар үшінші сатыда орналасқан.
"Астон Вилла" Чемпиондар лигасындағы келесі кездесуін 24 қарашада сырт алаңда түркиялық "Галатасарайға" қарсы өткізеді. Ал "Барселона" келесі күні қонақта әзербайжандық "Сабахпен" ойнайды.
Жарнама