Футбол
Бүгін 10:01

Ямаль жаңа маусымда Мбаппе мен Винисиустан асып түсті

©Марк Граупера/ "Барселона" ФК

Каталондық "Барселонаның" испаниялық вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың 2026/27 маусымы басында гол соғуға мүмкіндік жасау көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ямаль гол соғуға мүмкіндік тудыру саны бойынша көш бастады

WhoScored мәліметінше, Ямаль Испания чемпионатының осы маусымында гол соғуға 13 мүмкіндік жасаған. Бұл - Ла Лигадағы кез келген футболшыдан жоғары көрсеткіш. 

Осы көрсеткіш бойынша 19 жастағы испаниялық "Реалдың" бірқатар жұлдыздарын, соның ішінде франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мен бразилиялық форвард Винисиус Жуниорды басып озды.

Ямаль "Райоға" қарсы матчта дубль жасады

Ямаль Ла Лиганың үшінші турында жарқын ойынымен көзге түсті. Бұл кездесуде "Барселона" мадридтік "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Испаниялық вингер дубль жасап, жаңа маусымдағы алғашқы голдарын соқты.

Осы кездесудегі голдардың бірі Ямаль үшін тарихи мәнге ие болды. Дубльден кейін оның "Барселона" сапындағы барлық турнирлерде соққан голдарының саны 51-ге жетті. Ал футболшы 19 жас 49 күнінде Еуропаның үздік бес чемпионатының тарихындағы 50 голдық межеге жеткен ең жас ойыншы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport