Футбол
Бүгін 12:56

Ямаль "Алтын доп"-2026 жүлдесіне лайқыты футболшыны атады

©x.com/FCBarcelona

Каталондық "Барселонаның" және Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль 2026 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын допқа" басты үміткер деп өзін санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлемдегі ең үздік екі ойыншы"

19 жастағы футболшы мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппені де атап өтті. Алайда жүлдені дәл өзі иеленуі керек екеніне сенімді.

"Мен "Алтын допты" кімге берер едім? Шынымды айтсам, әлемде ең үздік екі ойыншы ғана бар шығар деп ойлаймын. Бірақ биылғы жүлде маған бұйыруы керек. Мен үшін Мбаппе екеуміз әлемдегі ең үздік екі ойыншымыз. Кім матчтарды көрсе, мұны түсінеді", - деп береді Ямальдің сөзін Goal.

Ямаль әлем чемпионы атанды

Бұған дейінгі дауыс беруде испаниялық футболшы екінші орын алып, беделді жеке жүлдеге таласта "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Усман Дембелеге жол берген еді.

2025/2026 жылғы маусымда Ямаль "Барселона" сапында нәтижелі ойын көрсетіп, 24 гол соқты және 18 нәтижелі пас берді. Каталондық командамен бірге ол Испания чемпионаты мен ел Суперкубогін жеңіп алды.

2026 жылдың жазында жас футболшы халықаралық аренада да үлкен жетістікке жетті. Испания құрамасының сапында Ямаль әлем чемпионы атанды.

2026 жылғы "Алтын доп" иегерінің есімі 26 қазанда Лондонда өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport