"Ньюкасл" мен "Барселона" УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ньюкасл қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды.
Алдымен алаң иелері сапынан Харви Барнс 86-минутта есеп ашып, "Ньюкаслды" алға шығарды. Алайда қосымша уақытта каталондықтарды Ламин Ямаль құтқарып қалды - ол 90+6-минутта пенальтиден гол соқты.
Осылайша, екі команданың арасындағы жеңімпаз 18 наурызда Барселона қаласында өтетін қарымта матчта анықталады.
Draw. Not bad. pic.twitter.com/OPvrGZuZTy
— FC Barcelona (@FCBarcelona) March 10, 2026
Жарнама