Футбол
Бүгін 14:58

Ямаль 2026 жылғы әлем чемпионатының фавориттерін атады

©"Барселона" ФК

"Барселона" шабуылшысы Ламин Ямаль алдағы әлем чемпионатындағы Испания құрамасының фаворит мәртебесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, мундиальда чемпиондыққа таласа алатын бірнеше мықты құрама бар. Ямаль әлем чемпионатында айқын фаворит болмайтынын, турнир тағдыры көбіне ұсақ детальдар мен командалардың сол сәттегі жағдайына байланысты шешілетінін атап өтті.

- Еуро мен Ұлттар лигасындағы жеңістерден кейін Испанияны фавориттердің бірі деп санайды. Қысымды қалай еңсеріп жүрсіздер?

- Қызығы, Еурода бәрі керісінше болды. Ешкім бізді чемпион болады деп күтпеді және бұл бізге көмектесті. Фаворит болу алаңда ештеңені өзгертпейді. Бұл саған артықшылық бермейді және көбірек гол соғуға көмектеспейді. Әр матчқа жеке дайындалу керек. Аргентина, Франция, Португалия, Англия секілді өте мықты құрамалар бар және олар әлем чемпионатында ең үздік ойындарын көрсетеді. Біз үшін бастысы - Испания үшін бар күшімізді салу және өз ойын стилімізге сену. Менің ойымша, біз ең әдемі футбол ойнаймыз, - деді Ямаль ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Ямаль мұндай деңгейдегі турнирлерде тек жеке шеберлік емес, команданың жалпы формасы мен шешуші сәттерде өзін көрсете білу маңызды екенін айтты.

- Испания құрамасының басты артықшылығы неде деп ойлайсыз?

- Ең алдымен ойыншыларымызды айтар едім. Испания академиялары әлемдегі ең үздіктердің қатарында және талантты футболшыларды тәрбиелеп шығарады. Бұл біздің ойынымыздан анық көрінеді. Әрине, әлем чемпионатында бастысы - әдемі ойын емес, жеңіс. Бірақ біз өз тәсілімізге сенеміз және ол нәтиже беріп жатыр.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Әлем чемпионаты-2026 топтық кезеңінде Испания құрамасы H тобында Кабо-Верде, Уругвай және Сауд Арабиясына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport