Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте 4 маусым күні Ирак құрамасына қарсы өтетін жолдастық матч алдында өткен баспасөз мәслихатында командадағы кадрлық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маман құраманың негізгі вингерлері Ламин Ямаль мен Нико Уильямстың жарақаттарына байланысты алдағы кездесуге қатыспайтынын растады.
Қалпына келу процесіДе ла Фуэнтенің айтуынша, қос футболшының сауығу барысы бақылауда, алайда олардың 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатынына әзірге нақты кепілдік жоқ.
Топтық кезең және әлем чемпионатына дайындық"Ертеңгі матчта олардың ешқайсысы болмайды. Егер бәрі қазіргі жоспар бойынша жалғасса, 15 маусымда негізгі құрамда ойнауға дайын болады. Бірақ олардың міндетті түрде алаңға шығатынына кепілдік жоқ – оны кейін көреміз. Біз олардың жағдайын әр кезең сайын бағалап отырамыз", – деп береді де ла Фуэнтенің сөзін Barca Blaugranes.
2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Топтық кезеңдегі матчтар 15, 21 және 27 маусым күндері өтеді.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Турнир тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтеді.