Ворговский мен Оразов Қазақстан құрамасының алдағы ойынына қатыспайды

Талғат Байсуфинов. Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Мальтамен өтетін матчке Ян Вороговский мен Рамазан Оразов сияқты ойыншыларды ойынға қоспайтын көрінеді, деп хабарлайды Аладоп телеграм арнасы. 

Есесіне ұлттық команда бапкері Талғат Байсуфинов жас ойыншыларды алаңға шығаруы мүмкін. 

"Қазақстан ұлттық құрамасы жақын арада жиын өткізіп, 7-маусым күні Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді. Осыған орай құрама бапкері Талғат Байсуфинов кімдерді шақырады деп ойлайсыздар? Әлбетте дәл қазір ойын практикасы бар футболшылар ғана алынады. Бір жағынан жастарды да тексеріп алу қажет. Менің ойымша құрамаға Әлібек Қасым және Бауыржан Байтана шақырту алатын секілді. Ал ойын тәжірибиесі жоқ Ян Вороговский мен Рамазан Оразов құрамаға осы жолы келмейді екен. Есесіне Алексей Щеткин қайта оралмақ", - делінген пабликтегі хабарламада. 

Жаңалықтар