Владимир Вайс "Слован" командасынан кетті. Ол Словакия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

©sportky.zoznam.sk

57 жастағы словакиялық маман Владимир Вайс братиславалық "Слован" командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Sportky.zoznam.sk порталы хабарлады. 

Владимир Вайс "Слован" командасының басшыларымен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмаған. Бұл бапкер братиславалық команданың тізгінін 2021 жылы ұстаған еді. Биыл Вайстың бастамасымен "Слован" Словакнияның чемпионы атанды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, енді Владимир Вайс Словкия құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. 

Еске салайық, Ұлттар лигасы Қазақстанмен (1:0) өткен ойыннан кейін Словакияның бас бапкері Штефан Таркович қызметінен босатылған болатын. 

Ал Қазақстан мен Словакия арасындағы екінші кездесу 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады. Осы ойынға словактарды Владимир Вайс бастап келуі ықтимал. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport