Владимир Нидергаус ҚФФ-да жаңа қызметке тағайындалады

©"Шахтер" ФК

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, Владимир Нидергаус Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін.

Владимир Нидергаус жақында Нұр-Сұлтанға келіп, Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшылығымен кездесті. Жиын барысында 54 жастағы маманның федерациядағы белгілі бір қызметке кандидатурасы талқыланды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының тарихындағы алғашқы голдың авторы атанған маманның қандай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Нидергаус өткен жылдың қыркүйек айынан бері "Шахтер Солигорск" клубының спорттық директоры ретінде еңбек етуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар