Лиссабондық "Бенфика" Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы алғашқы кездесуде мадридтік "Реал" Мадрид клубынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Лиссабонда өтіп, 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 50-минутта Винисиус Жуниор соқты.
Винисиус гол соққанын тойлап, алаң бұрышына қарай жүгіреді де, бұл әрекеті трибунаны дүрліктіреді және португалиялық клуб ойыншыларының наразылығын туғызды. Нәтижесінде бразилиялық футболшы мен Джанлука Престианни арасында жанжал болды.
Осыдан соң Винисиус төрешіге нәсілшілдік сипаттағы айқайлар айтылғанын жеткізді. Матч бірнеше минутқа тоқтатылды.
Кездесудің соңында франциялық төреші Франсуа Летесье ереже бұзған Винисиуске екінші сары қағаз көрсеткен жоқ.
Ал "Бенфика" бас бапкері Жозе Моуринью төрешімен дауласқаны үшін алаңнан қуылды. Ол 25 ақпанда Мадридте өтетін қарымта матчқа қатыса алмайды.
Жарнама