1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
22 қаңтар 09:54
 

Винисиус "Реалдағы" болашағына қатысты нақты шешімін айтты

  Пікірлер

blog.share

Винисиус "Реалдағы" болашағына қатысты нақты шешімін айтты ©instagram.com/realmadrid

Мадридтік «Реалдың» көшбасшы ойыншыларының бірі Винисиус Жуниор өз болашағын қай клубпен байланыстыратынын ашық айттығ деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік «Реалдың» көшбасшы ойыншыларының бірі Винисиус Жуниор өз болашағын қай клубпен байланыстыратынын ашық айттығ деп хабарлайды Vesti.kz.

Атақты инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, бразилиялық футболшы басқа ешқандай нұсқаны қарастырмайды және карьерасын Мадридте жалғастыруды мақсат етеді.

Винисиустың айтуынша, ол клуб басшылығымен толық өзара түсіністікке келген, ал жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер ешқандай қысымсыз, сабырлы жағдайда өтіп жатыр.

"Мен «Реалда» ұзақ қалғым келеді. Келісімшартты ұзарту мәселесіне келсек, әлі бір жыл уақытым бар, біз бұл мәселеге өте байыппен қарап отырмыз.

Мен президентке сенемін, ол да маған сенеді, қарым-қатынасымыз өте жақсы. Барлық сұрақты өз уақыты келгенде шешеміз. Асығыстық жоқ, - деп келтіреді Романо Винисиустың сөзін.


Осы мәлімдемелер аясында Винисиус өз құндылығын алаңда да дәлелдеуді жалғастырып келеді. Чемпиондар лигасындағы «Монакоға» қарсы соңғы матчта ол кездесудің негізгі тұлғасына айналып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ойын қорытындысы бойынша бразилиялық шабуылшы матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

2025/26 маусымында Винисиус Жуниор барлық турнирде 30 матч өткізіп, 7 гол мен 11 нәтижелі пас авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!