Бразилиялық вингер Винисиус Жуниор мадридтік "Реал" клубының тарихына атын жазды. Ол УЕФА Чемпиондар лигасында команда тарихындағы үздік ассистенттердің бірі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Винисиус Жуниор бұл нәтижеге 1/8 финалдағы "Манчестер Ситиге" қарсы матчта жетіп отыр. Ол мадридтіктердің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталған кездесуде Федерико Вальвердеге нәтижелі пас берді.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, осы пас арқылы бразилиялық футболшының Чемпиондар лигасындағы ассист саны 31-ге жетті.
Осылайша, ол мадридтік клуб сапында бұл турнирде 31 нәтижелі пас берген Криштиану Роналдуның көрсеткішімен теңесті.
Винисиус Жуниор Реал Мадрид сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол клубпен бірге бірнеше ірі трофей жеңіп алды:
Испания чемпионаты — 2019/20, 2021/22, 2023/24
УЕФА Чемпиондар лигасы — 2021/22, 2023/24
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты — екі рет
Сонымен қатар, бразилиялық ойыншы 2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалында шешуші голдың авторы атанған.
Ал Криштиану Роналду "Реал" сапында 2009–2018 жылдары ойнап, 438 матчта 450 гол соққан.
Жарнама