Жарнама

Футбол
Бүгін 15:15
 

Винисиус пен "Реал" арадағы мәселеге ақыры нүкте қойды

  Пікірлер

blog.share

Винисиус пен "Реал" арадағы мәселеге ақыры нүкте қойды ©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реал" мен команданың шабуылшысы Винисиус Жуниор жаңа келісімшарт бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реал" мен команданың шабуылшысы Винисиус Жуниор жаңа келісімшарт бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Рамон Альварес де Монның мәліметінше, тараптар жаңа келісімнің барлық шартын мақұлдады. Енді құжатқа жақын күндері қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, 26 жастағы бразилиялық футболшының Испанияның 36 дүркін чемпионымен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Винисиус Жуниор "Реал" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және осы уақыт ішінде мадридтік клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол "Реалға" бразилиялық "Фламенгодан" 45 миллион еуроға ауысқан болатын.

Осы уақыт аралығында шабуылшы барлық турнирде 375 матч өткізіп, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас берді.

"Корольдік клуб" сапында Винисиус Испания чемпионы атанды, клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі рет жеңіп, Испания кубогын иеленді. Сонымен қатар ол екі мәрте УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанаған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!