Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен ұтылғанына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жеңілістен кейін Бразилия құрамасы әлем біріншілігінен шығып қалды. Матчтан соң Винисиус жанкүйерлерге үндеу жасап, команданың үмітті ақтай алмағанын мойындады. Сондай-ақ, ол ендігі басты мақсат Бразилияны әлем футболының шыңына қайта шығару екенін атап өтті.
"Әлем чемпионатынан осылай шығып қалуды қабылдау өте қиын. Бұл өте маңызды матчта қолымнан келгеннің бәрін жасай алмағаным үшін сөз табу қиын. Бізге сенген барлық жанкүйерден кешірім сұраймын. Бразилия құрамасы алға жылжи береді, біз ешқашан берілмейміз. Енді елімізді әлем футболының шыңына қайта шығару үшін аянбай еңбек етуіміз керек", – деп береді Винисиустың сөзін Globo.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Ал Норвегия құрамасы ширек финалда Франциямен кездеседі.