Испаниялық "Вильярреалды" ұтқан лондондық "Челси" УЕФА Суперкубогін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы "Уиндзор Парк" стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Лондондықтар сапынан 27-минутта Хаким Зиештің гол салды, ал испаниялықтар бұған Жерар Мореноның дәл соққысымен (73-минут) жауап берді.
Қосымша уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Осылайша, пенальти сериясыбелгіленпі, "Челси" ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, өткен маусымда "Челси" Чемпиондар лигасында топ жарған, ал "Вильярреал" Еуропа лигасында жеңіске жеткен еді.