Футболдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Вильярреал" мен "Ювентус" тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Испаниядағы алғашқы матчта "кәрі сеньора" бірінші минутта есеп ашты. Гол авторы Душан Влахович. Үзілістен кейін алаң иелері таразы басын теңестірді. 66-минутта Этьен Капудың пасын алған Дани Парехо ерекшеленді.
Енді қос ұжым наурыз айының 17 жұлдызы Италияда қарымта ойын өткізеді. Еске салайық, F тобында Луис Энрике командасы "Манчестер Юнайтед", "Аталанта" және "Янг Бойз" клубтарымен кездесіп, плей-офф раундына 10 ұпаймен шықты. Ал "Ювентус" болса "Челси", "Зенит" және "Мальме" клубтарымен Н тобында 15 ұпаймен көш бастаған еді.