Бүгін, 4 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасы жартылай финал кезеңіндегі "Вильярреал" мен "Ливерпуль" арасындағы қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Тарнсляцияның басталуы 00:50. Сонымен қоса, матчті телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.
Англияда өткен бірінші ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған.
Жартылай финалдық екінші жұп "Реал" мен "Манчестер Сити" 5 мамырға қараған түні Мадриде кездеседі. Бірінші матчте 4:3 есебімен "МанСити" басым түсті. Финал 28 мамыр Париждегі "Стад де Франс" стадионына жоспарланған.