Виктор Кумыков "Қайсардың" тізгінін ұстады

14 желтоқсан 2022 00:20
©"Қайсар" ФК

Келер маусымда премьер-лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алған "Қайсар" футбол клубының бас бапкері қызметіне Виктор Кумыков тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Қызылорда менің ыстық ұям десем де болады. 20 жылдан кейін қайта оралуға мүмкіндік алдым. Аймақ басшысы, Сыр жанкүйерлері сенім артып, жауапты қызметтің тізгінін ұстатты. "Қайсардың" алға қойған мақсатын жүзеге асыруда аянып қалмаймын. Алда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионатқа тыңғылықты дайындық жүргіземіз", - деді Виктор Кумыков. 

Ол бұған дейін қызылордалық "Қайсарда" бас бапкер қызметін атқарған. Одан бөлек, ол қазақстандық "Елімай", "Есіл", "Шахтер", "Ордабасы", "Атырау", өзбекстандық "Машал", "Насаф", "АГМК", "Андижан" клубтарған жаттықтырған тәжірибелі маман. Еліміздің футбол тарихында қазақстандық клубты тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеткізген маман және үш мәрте Қазақстанның үздік бапкері атанған. "Шахтер" клубының бас бапкері болған кезде, екі рет премьер-лига чемпионы атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: