Футбол
19 маусым 2021 21:24

Венгрия Еуродағы Францияға қарсы матчте сенсация жасады

Сурет: twitter.com/EURO2020

Еуропа чемпионатының екінші тур матчінде Венгрия мен Франция құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz

F тобындағы кездесу Будапеште өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймнан кейінгі қосымша уақыт - 45+2-ші минутта мажарлық команда сапынан Оттило Фиоло гол салды.

Үзілістен кейін Дидье Дешам жаттықтыратын команда намысқа тырысып, 66-шы минутта есепті теңестірді. 

Дегенмен, франциялықтар мұнан артық ештеңе істей алмады. Осылайша, олар мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шыға алмады және мажарлықтарға сенсация жасауға мүмкінідік беріп қойды. 

Еске салайық, бірінші турда Венгрия құрамасы Португалиядан ұтылған (0:3), ал Франция болса Германияны ұтқан (1:0).