Венгрия Еуродағы Францияға қарсы матчте сенсация жасады
Еуропа чемпионатының екінші тур матчінде Венгрия мен Франция құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропа чемпионатының екінші тур матчінде Венгрия мен Франция құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
F тобындағы кездесу Будапеште өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймнан кейінгі қосымша уақыт - 45+2-ші минутта мажарлық команда сапынан Оттило Фиоло гол салды.
Үзілістен кейін Дидье Дешам жаттықтыратын команда намысқа тырысып, 66-шы минутта есепті теңестірді.
Дегенмен, франциялықтар мұнан артық ештеңе істей алмады. Осылайша, олар мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шыға алмады және мажарлықтарға сенсация жасауға мүмкінідік беріп қойды.
Еске салайық, бірінші турда Венгрия құрамасы Португалиядан ұтылған (0:3), ал Франция болса Германияны ұтқан (1:0).
Жарнама