Вараздат Ароян Ла Лигада гол соққан алғашқы армениялық футболшы атанды

27 қыркүйек 2021 15:27
©

"Кадис" Испания чемпионатының 7-турында "Райо Вальеканодан" 1:3 есебімен ұтылды. "Кадис" сапында жалғыз голды "Астананың" бұрынғы ойыншысы Вараздат Ароян соқты. 29 жастағы қорғаушы Ла Лигада гол соққан алғашқы армениялық футболшы атанды

Ароян 2021 жылдың жазынан бастап "Кадис" командасының намысын қорғауда. Ол Испания чемпионатында алты кездесу өткізіп үлгерді. Алты ұпай жинаған "Кадис" турнирлік кестеде 14-орынға табан тіреді.

Еске салайық, Ароян испаниялық клубқа елордалық "Астанадан" ауысып барған еді. Армениялық қорғаушы қазақстандық клуб жейдесінде 15 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: