Англияның "Ливерпуль" клубының қорғаушысы Вирджил ван Дейк Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
34 жастағы нидерландтық футболшы жалпы кезеңнің сегізінші турында әзірбайжандық "Қарабахқа" қарсы өткен матчта (6:0) "қызылдардың" ірі жеңіске жетуіне айрықша үлес қосты - ол үш нәтижелі пас берді.
WhoScored дерегінше, ван Дейк Чемпиондар лигасы тарихында бір матчта үш ассист жасаған алғашқы орталық қорғаушы атанды.
Жалпы кезең қорытындысы бойынша "Ливерпуль" турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші орынға ие болып, 1/8 финалға тікелей жолдама алды.
Ал "Қарабах" 22-орында тұрақтап, плей-оффқа шығу үшін шешуші матчтарға қатысады.