Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Валерий Карпин баспасөз мәслихатында қазақстандық футболшы Бақтиёр Зайнутдиновті командаға шақырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Sport-Express басылымы.
"Әрине, менің талаптарымды білетін ойыншылардың көп болғанын қалар едім. Уақыт қысқа. Шомуродов, Зайнутдинов және Еременконы ұлттық құрамаға қуана-қуана шақыратын едім - деңгейіне байланысты емес, мені түсінетіндіктен", - деді Ресей ұлттық құрамасының бапкері баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов Карпиннің басшылығымен "Ростовта" бір жарым жыл ойнап, содан кейін ЦСКА-ға ауысқан еді.