auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Валенсия" Максимовичті келісімшарты аяқталғанша күтетін болды

"Валенсия" Максимовичті келісімшарты аяқталғанша күтетін болды
Тұрар Қазанғапов
Испанияның "Валенсия" футбол клубы "Астана" ойыншысы Неманья Максимович үшін ақша шығындалмайтын болды. Команда серб жартылай қорғаушысын елордалық командамен келісімшарты аяқталғанша күтеді.

"Plaza Deportivo" басылымының хабарлауы бойынша "Валенсия" Неманья Максимович үшін 300 мың еуро шығындалуды жөн деп таппаған. Келісімшарты аяқталғанша күтуді жоспарлап отыр екен.

Жартылай қорғаушы "Валенсияға" жазда ауысады. Ол испандық клубпен алдын ала келісімшарт жасасып қойған. Ол келісімшарт бойынша командада 2021 жылға дейін ойнайтын болады. Жылына 7 миллион еуро көлемінде жалақы алады.

Неманья Максимович "Астана" сапына екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде қосылады. Команданың Дубайда өткізген бірінші оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқ.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы "Астана" футбол клубында 2015 жылдың ақпан айынан бастап ойнап келеді. Екі маусым ішінде ірі жетістіктерге қол жеткізді. Екі рет ел чемпионы атанды. Ел кубогын жеңіп алды. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Өткен маусымда футболшы Сербия жастар құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Неманья Максимович премьер-лигада 54 ойын өткізді. 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама