Футбол
27 қаңтар 2022 11:41

Вакцинаның жалған сертификаты үшін. Бас бапкер футболдан шеттелді

©dw.com

Германияның футбол одағы (DFB) ресми сайтында бремендік "Вердер" клубының бұрынғы бапкері Маркус Анфангті бір жылға шеттеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Чемпионат".

Шеттеуге себеп маманның коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған сертификатын пайдалануы болып отыр. Сонымен қоса, Анфанг 20 мың еуро айыппұл төлеу керек болады. Одан бөлек бас бапкердің көмекшісі болған Флориан Юнг те тоғыз айға шеттеліп, ол үш мың еуро айыппұл төлеуі тиіс. 

Еске салайық, Анфанг "Вердерден" былтыр қарашада жалған сертификатпен жүргені анықталғаннан кейін кеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport