Вагнер Лавтың агенті шабуылшының болашағы туралы айтып берді

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лавтың агенті Эвандро Феррейра бразилиялық форвардтың болашағы туралы айтып берді, деп жазады Sport24 порталы. 

"Біз әлі "Қайратпен" келісімшартты ұзартамыз ба, жоқ па білмейміз. Вагнер ЦСКА командасына оралып, карьерасын сонда аяқтағысы келе ме дейсіз бе? Футболда барлығы мүмкін. Ол Ресейде керемет жылдарын өткізді. Дәл осылай жасаса, карьерасы керемет аяқталар еді", - деді Феррейра. 

Еске салайық, бұған дейін Лавтың "Қайраттан" кетуі мүмкін деген мәлімет шыққан болатын. 

37 жастағы шабуылшы "Қайрат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Жалпы ол алматылық команда сапында 49 кездесуге қатысып, 22 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: