Бразилиялық журналист Фабио Алейшо өзінің твиттер парақшасында алматылық "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лавтың даниялық "Мидтбюландқа" ауысуына байланысты пікір білдірді, деп жазады KazFootball.kz порталы.
"Вагнер Лав карьерасын Данияның чемпионы "Мидтьюланд" командасы сапында жалғастыруы мүмкін. Екі тарап та бұл трансферге қызығушылық білдіруде. "Химки" командасы да шабуылшыны өз қатарына қосқысы келеді", - деп жазды журналист.
Еске салайық, Лав алматылық "Қайратта" екі жыл ойнады. Биыл оның командамен келісімшарты аяқталды. Алматылық клубпен ол Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогін жеңді. Жалпы "Қайрат" сапында бразилиялық 57 кездесу өткізіп, 27 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.