Вагнер Лав "Орталық" стадиондағы соңғы ойында гол соқты
Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы "Орталық" стадионда "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын өткізіп гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы "Орталық" стадионда "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын өткізіп гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
УЕФА Конференция Лигасының бесінші турында "Базельмен" (2:3) өткен мачта гол соққан форвард қоштасу ойыны жайлы және басқа да ойларымен бөлісті.
"Біз жақсы ойын өрнегін көрсете білдік. Бірнеше мүмкіндігіміз болды. Бірақ өзімізге қажетті есепті тіркей алмадық. Енді алда Қазақстан Кубогінің финалына күш саламыз.
"Қайрат" сапында болашағынан үміт күтетін ойыншылар бар. Олар Ян Вороговский мен Гафуржан Сүйімбаев. Олар басқа да елдің біріншіліктерінде емін-еркін доп тебе алар еді. Басқа да жас талантты ойыншылар бар.
Егер "Қайрат" дәл осы қарқынынан таймай, жұмыс істей беретін болса күндердің күнінде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығады. Ол үшін аянбай еңбек ету керек", - дейді Лав.
Еске салайық, Вагнер Лав 2020 жылы "Қайрат" жейдесін киіп, осы уақыт аралығында 56 рет алаңға шықты. 25 гол салып, 20 рет гол болатын тамаша пастар берді.
Жарнама