Вагнер Лав "Қайраттың" Конферция лигасындағы келесі кездесуіне қатыса алмайды

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында әзірбайжандық "Карабах" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, 37 жастағы шабуылшы алдағы кездесуге тобығының жарақатына байланысты қатыса алмайды. Бұған дейін Лав осы жарақаты үшін Ақтөбедегегі кездесуде ойнамаған еді.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласынан "Қайрат" ары қарай Бакуді бетке алады. 

Еске салайық, осыған дейін бұл кездесуге "Қайраттың" армениялық қорғаушысы Камо Оганесянның да қатыспайтыны анықталды. 

Ал "Карабах" пен "Қайрат" арасындағы ойын 21 қазан күні Бакуде өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: