Вагнер Лав "Қайраттан" кететін болды. Футболшы мәлімдеме жасады
"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лав маусым қорытындысы бойынша клубтан кететін болды, деп жазады Vesti.kz.
"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лав маусым қорытындысы бойынша клубтан кететін болды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл туралы Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы команданың инстаграм парақшасында ресми мәлімдеме жасады.
"Құрметті достар, 25 қараша күні "Орталық" стадиондағы соңғы ойынымды өткіземін. Бұл ретте осы бір сәтті сіздермен бірге бөліскім келеді. Қоштасу матчыма тек маған емес, сонымен қатар, командамызға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Бізге жанкүйерлік танытып жүрген баршаңызға алғыс айтқым келеді. Стадионда жолыққанша", - деп ағынан жарылды Лав.
Еске салайық, Вагнер Лав 2020 жылдың маусым айында "Қайратқа" ауысып келген еді. Спорттық карьерасында ол "Палмейрас", "Фламенго", "Коринтианс", "Монако", "Бешикташ", "Аланьяспор", "Шандунь Лунэн" және ЦСКА клубтарында доп тепті.
Жарнама