Вагнер Лав "Қайраттағы" болашағына қатысты мәлімдеме жасады

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лав Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алматылық клубпен келісімшарт ұзартыла ма деген сұрақа жауап берді.

Мұның алдында форвард "Қайрат" сапынан кетеді және алматылық клубта соңғы маусым ойнап жатыр деген қауесет тарады.

"Осы күнге дейін бұл туралы сөз болған жоқ. Қазіргі ойым тезірек жарақаттан сауығып, ойынға қосылу.

Бапкер болу? Ол туралы ойланған емеспін, тағы бірнеше жыл ойнағым келеді. Бабымда екенімді сеземін. Қазіргі таңда бапкер болу қызықтырмайды", - дейді футболшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар