Алматылық "Қайрат" футбол клубы Конференция лигасындағы келесі кездесуін өткізу үшін Швейцарияға аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
30 қыркүйектен 1 қазанға ауысқан түні "Қайрат" командасы сырт алаңда "Базельге" қарсы ойнайды.
Бұл ойынға командамен бірге Қазақстан чемпионатында жарақат алып, алаңнан зембілмен кеткен Вагнер Лав та барды. Оның жарақаты аса ауыр емес. Шабуылшы алдағы ойынға қатысады.