Вагнер Лав "Қайрат" сапынан кетпек

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген ЦСКА командасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав мәскеулік клубқа оралғысы келетінін мойындады. 

"Қазір қолымда бары ұнайды. Отбасым да Қазақстанға үйреніп қалды және болып жатқанның бәрі қуантады. Бірақ мен ертең не болатынын білмеймін. Егер мүмкіндік болып, ЦСКА-мен келісімге келсек, мен қуана-қуана ораламын. Әлбетте, тамаша тарихың болған клубқа оралған керемет қой. Егер ЦСКА-ға оралсам, клуб трофей жеңіп алу үшін бәрін жасаймын", - деп береді Лавтың сөзін Yahoo Esportes Brasil.