Вагнер Лав жаңа келісім ұсынғанына қарамастан "Қайраттан" кетуі мүмкін. Себебі айтылды

Сурет: "Қайрат" ФК
Алматылық "Кайрат" Вагнер Лавқа жаңа келісімшарт ұсынды.  Бұл туралы "Чемпионат" порталына ойыншының маңындағы және клубтағы мәлімет көзі хабарлаған.
 
Ақпарат бойынша, бразилиялыққа келісімді тағы бір жылға ұзарту ұсынылған. Дегенмен, Лав келісімшартқа қол қоюға асығар емес. Metaratings.ru мәліметінше, футболшы қысқа дейін асықпайды, осы кезде мәскеулік ЦСКА сапына оралу мүмкінідігі белгілі болады екен.
 
Футболшы мен оның өкілдері ресейлік командада тағы бір маусым өткізгілері келеді. 
"Чемпион болған "Қайрат" ЧЛ топтық кезеңіне өтуге үмітті, сондықтан олар Вагнерді сақтап қалғысы келеді", - депті мәлімет көздерінің бірі.
 
Вагнер "Қайрат" сапына биыл жазда ауысты. Қазақстан чемпионатындағы 13 матчте ол жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
 
Футболшы "Қайрат" сапында 2020 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық клуб үшін бұл 16 жылдан кейінгі чемпиондық атақ.