Вагнер Лав Чемпиондар лигасы матчіндегі "Қайрат" жеңісіне қатысты пікір білдірді

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лав израильдік "Маккаби" командасын Чемпиондар лигасы іріктеуінде ұтқаннан кейін көңіл-күйін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы ойында есеп ашқан бразилиялық команданың өз мақсатына келе жатқанын атап өтті. 

"Тағы бір гол салып, "Қайратқа" жеңімпаз атануға көмектескеніме бақыттымын. Мақсатымызға келе жатырмыз", - деп жазыпты Лав Instagram желісінде. 

Еске салайық, кеше Алматыда "Қайрат" қарымта ойында "Маккабиді" 2:0 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундына өтті. Енді алматылық клуб сербиялық "Црвена Звездамен" ойнайды.