Ұтылып жатқан "Ақтөбе" соңғы минуттарда жеңіске жетті

©Атырау ФК

Қазақстан чемпионатының екінші турында "Ақтөбе" өз алаңында "Атыраудан" басым түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Батысқазақстандық дербиде бірінші болып қонақтар есеп ашты. Матчтың 20-минутында Андрей Филиппович ерекшеленді. Үзіліске дейін "Ақтөбе" сапында Уго Видемонт (45+2) таразы басын теңестірсе, 83-минутта Артурас Жулпа жеңіс голының авторы атанды. Қортынды есеп 2:1.

Осылайша, Владимир Муханов шәкірттері маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, "Атырау" бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Енді үшінші турда "Ақтөбе" қонақта "Астанамен" өзара мықтыны анықтайды. Ал "Атырау" болса өз алаңында "Мақтааралды" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport