Ұтылған команда футболшысы трибунаға көтеріліп жанкүйермен төбелесті

15 қыркүйек 2020 10:54
Видеодан алынған кадр
"Гамбург" қорғаушысы Тони Лайстнер Германия кубогының бірінші матчінде дрездендік "Динамодан" ұтылғаннан кейін (1:4) жанкүйермен төбелесті.

Футболшы трибунаға көтеріліп, жанкүйерді кеудесінен жұлқып, жерге құлатқан. Ары қарай жағдайға өзге жанкүйерлер араласып, футболшыны трибунадан қуып жіберді. 



 Лайстнер ойыннан кейін сұхбат беріп тұрған, осы сәтте ол өзіне қатысты жағымсыз пікір естіген болса керек. Жанжал нақты неден басталғаны әзірге белгісіз.

Футболшының өзі 2010 мен 2014 жылдар аралығы "Динамо" сапында ойнаған. Жанкүйерлердің осыған байланысты айтқандары Лайстнердің ашуын келтірген болуы мүмкін.