"Үш тапсырма қойылды". Магомед Адиев алғашқы жеңістен кейін пікір білдірді
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алдында жастар командасымен жолдастық ойын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алдында жастар командасымен жолдастық ойын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Астана Аренадағы" матчта негізгі құрама 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Магомед Адиев бас бапкер ретінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Ойыннан соң бас бапкер команда дайындығының негізгі міндеттеріне тоқталды.
"Ойынға үш тапсырма қойылды: кейбір ойын үлгілері мен ойыншылардың құрамын байқау, алдағы ойындарда қолданылатын жаңа ойын жүйесін көру және үш күнге созылған екі реттік жаттығудан соң футболшылардың физикалық жағдайын саралау болды. Барлығын көріп, талдап шықтық деп ойлаймын. Енді Ұлттар лигасының ойындарына дайындаламыз. Жастар құрамасымен өткен жолдастық кездесуден жаттықтырушылар штабы мол мағлұмат алды деп санаймын", – деді Адиев.
Еске салайық, 3 маусым күні Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан футболшыларымен Ұлттар Лигасының аясындағы ойынын өткізеді.
Жарнама