Үш минутта 2 гол. Бензема "Реалда" Роналдудың рекордын қайталады

23 желтоқсан 2021 05:13
©realmadrid

Испания чемпионатының 21 турында "Атлетико" мен "Реал" клубтары кездесті. "Сан-Мамес" стадионындағы матч 1:2 есебімен "бланкостың" пайдасына аяқталды.

Матчта дубль авторы атанған Карим Бензема биылғы маусымда Ла Лигада 15 гол салып отыр. Нәтижесінде Франция құрамасының шабуылшысы сұрмергендер арасында көш бастады.

Сонымен қатар, осыған дейін "Реал" футболшылары арасында "Атлетик" қақпасына 17 гол соққан Роналду үздік шабуылшы болып келді. Енді 2009 жылдан бері "корольдік" клубтың намысын қорғап жүрген Бензема да Басктер елінің басты командасының қақпасына 17 гол соқты. Осылайша, Бензема португалиялықтың рекордын қайталап отыр.

Ішкі біріншілікте 19 ойын өткізген Карло Анчелотти шәкірттері 46 ұпаймен бірінші сатыға жайғасса, "Атлетик" 24 ұпаймен оныншы орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар