Химки" ойыншысы Илья Кухарчук "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында неге Қазақстан чемпионатына бармағанын түсіндірді.
- "Томьде" ақшасыз отырдың десе де болады. Неге команда саған қымбат болды?
- Сөзімнен бас тартпаймын. Спорт директоры Кудряшов пен бапкер Баскаков алаңда, одан тыс жерде де - мәдени және қалыпқа келу шараларында бір жүретін жігіттерді жинады. Ақша болмады, бірақ, шыдадық. Бір-бірімізді демеп. Стадиондағы атмосфера, қала тұрғындары - барлық жағынан тамаша болды.
- Ал "Томьде" қалтаң әбден жұқарғаннан кейін неге ұтымды емес ұсынысты қабылдадың? Қазақстанда "Химкиден" үш есе көп ұсынды ғой?
- Ақша қуғым келмеді, өйткені мақсатыма ұзақ жүрдім - премьер-лигаға оралу үшін, ал "Химки" 2019/2020 маусымына осындай міндет қойған болатын.