Үш дүркін Ресей және "МЮ" сапында Англия чемпионы "Қайратқа" ауысуы туралы пікір білдірді

© Sky Sports
Сербиялық футболшы Зоран Тошич алматылық "Қайрат" сапына ауысатыны жайындағы ақпаратқа пікірін білдірді, - деп хабарлайды srpskainfo.com.

Бүгін, 21 ақпанада үш дүркін Ресей премьер-лигасының жеңімпазы және "Манчестер Юнайтед" сапында Англия чемпионы болған 32 жастағы футболшы алматылық клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қоятыны туралы хабарланған. 

Тошичтің өзі нақты бір шешімге келмегенін айтады.

"Бұл рас "Қайрат" пен Қытайдан шақырту болды, бірақ, мен әлі шешім қабылдамадым. Ай соңында көреміз", - дейді Тошич. 
Жаңалықтар