Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары XXI ғасырдағы әлем біріншілігінің антирекордын орнатты

©FIFA

Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары ФИФА таратқан ақпарат бойынша Қатардағы әлем чемпионатында бір-бірінің қақпасына бірде-бір тіке соққы жасамаған, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесуде Уругвай он, ал Корея құрамасы алты рет соққы жасаған. Н тобындағы аталған кездесу 0:0 есебімен аяқталды. 

Gracenote Sports мәліметі бойынша, бұл XXI ғасырда әлем чемпионатында қақпаға бірде-бір тіке соққы жасалмаған кездесу болды. 

Ал WhoScored және Opta Analyst ақпаратынша, Уругвай бұл кездесуде қақпаға бір дәл соққы жасаған.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар