Уругвай құрамасы Америка кубогында бірінші жеңісіне жетті

Сурет: Reuters

Уругвай құрамасы Америка кубогы топтық кезеңінің төртінші тур матчінде Боливияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилияның Куяба қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

40-шы минутта Боливия қақпашысы Карлос Лампе автогол кіргізіп алды. Ал 79-шы минутта Эдинсон Кавани екінші допты қақпаға салды.

Осылайша, төрт ұпай жинаған Уругвай турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Боливия соңғы.