Футбол
1 қыркүйек 2021 09:17

"Ұпай жоғалтып алуымыз мүмкін". Руслан Малиновский Қазақстан құрамасынан қауіптенетінін айтты

©сурет: getty images

Бүгін футболдан Катардағы әлем чемпионатына жолдама берілетін іріктеу кездесуі аясында Қазақстан мен Украина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жуырда құрамада Андрей Шевченконы алмастырған Александр Петраков елордаға негізгі құрамды алып келді. Олардың арасында жартылай қорғаушы Руслан Малиновский де бар. Алғашқы минуттардан бастап алаңға шығуы мүмкін "Аталанта" ойыншысы кездесу алдында пікірімен бөлісті.

"Қазақ жерінде үш ұпай алуға тырысамыз. Украинадағы матчта тең түстік. Қазақстан құрамасының оңай қарсылас емес екендігін білеміз. Оның үстіне олар өз алаңында ойнайды. Ресми кездесу алдында екі бұрын ұшып келдік. Алты сағаттық алыс жолды және қосыңыз. Бізге қысқа уақыт аралығында синтетикалық төсенішке бой үйрету керек. Бар күшімізді салып ойнамасақ, Қазақстаннан ұпай жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазақстандық футболшылар көбіне қорғаныста ойнайды. Ондай қарсыласқа қарсы матчта оңай болмайды. Сол үшін жеңіске жету үшін барымызды саламыз", - дейді жартылай қорғаушы.

Әзірге D тобында үш матчта 3 ұпай алған Украина турнир кестесінде екінші орында тұрса, Талғат Байсуфиновтың шәкірттері 1 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан. Оның өзінде "Астана Аренада" әлем чемпионына қарсы 0:2 есебімен ұтылса, Киевте шығыс еуропалықтармен 1:1 нәтижесі тіркелгенін айта кеткен жөн. Ал сол француздар 9 ұпаймен көш бастап тұр. Біздің топта сондай-ақ, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport